banner

Қазақстанда жол-көлік апаты 8,9%-ға артты

Жол-көлік оқиғаларында 15 092 адам зардап шеккен.

Қазақстанда жол-көлік апаты 8,9%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 092 адам зардап шеккен. 

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 8,9%-ға артты.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңге сомасында 68 885 сақтандыру төлемін жүзеге асырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу