Елдегі 1049 ауыл әлі күнге дейін интернетсіз отыр

349

7 млн-нан аса қазақстандық ауылдарда тұрады.  

Елдегі 1049 ауыл әлі күнге дейін интернетсіз отыр Фото: Хабар

Сенатор Сәкен Арубаев 1049 ауылда тұрақты интернет байланысы мүлдем жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Елімізде 7 миллионнан астам азамат ауылдық жерде тұрса, бүгінде 6 256 ауылдың 2 045-і ғана 4G-мен қамтылып, ол бар болғаны 32,6 пайызды құрап отыр. Ауыл тұрғындарының 45 пайызы 3G-мен қамтылған. Ежелгі 2G де қазір есепке алынуда. Ал 1049 ауылда тұрақты интернет байланысы мүлдем жоқ. Сәйкесінше ауылдық жерлерде қолжетімді интернет пен байланыс қызметтерінің сапасы қалалық жерлермен салыстыруға да келмейді. Ол жасырын емес", – деп атап өтті Сәкен Арубаев Сенатта өткен дөңгелек үстелде.

Сөзінше, шекара маңындағы, таулы және жазықты аймақтарда орналасқан елдімекендер мен туристік аймақтарда жағдай өте қиын.

"Мысалы, ең төменгі бекітілген параметрлердің жылдамдықтары 3G үшін 1 Мбит/с ал, 4G-ге 5 Мбит/с кем болмауы қажет. Дегенмен операторлардың басым бөлігі бұл талапты сақтамайды. Ауылдардағы 2G немесе әлсіз 3G форматында ғана жұмыс істейтін интернет желісі бұл заманауи талаптарға мүлде сәйкес келмейді", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу