Елдегі алғашқы жасанды интеллект университеті 600 студентті қабылдайды

353

Бакалавариатта 400 студент оқитын болады.  

Елдегі алғашқы жасанды интеллект университеті 600 студентті қабылдайды Фото: Үкімет

Биыл Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Биыл Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды. Шамаман 600 білім алушы қабылданады. Бакалавариатта 400 студент, оның 308-і –мемлекеттік грант иегері. Магистратура бағдарламасына 100 адам Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады. "Самұрық-Қазына" өзінің 100 қызметкерін MBA AI+X бағдарламасында оқытады", – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің мәліметінше, елімізде 123 жоғары оқу орны бар. Биыл білім алушылар саны 740 мыңнан асады деп күтілуде.

"Гранттар саны былтырғы деңгейде сақталды. Жоғары оқу орындарына қабылдау магистратура мен докторантура деңгейінде 28 тамызға дейін жалғасады. Қазір грантқа конкурстық процедуралар жүргізіліп жатыр. Бакалавриатқа қабылдау 25 тамызда аяқталады", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу