Елдегі ауыл шаруашылық өндірісі алты айда 3,2%-ға өскен

915

2021 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісі 1,517 трлн теңге болды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Елдегі ауыл шаруашылық өндірісі алты айда 3,2%-ға өскен

Алты ай ішінде 1,456 трлн теңгеге мал шаруашылығы (өсім 3,4%), 75,4 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы (өсім 0,2%) өнімі шығарылған.

2020 жылға қарағанда 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ірі қара мал басы  5,6% -ға, яғни 9,535 млн-ға көбейген.

 Жылқы саны 9,7% -ға, 3,701 млн, қой - 3,6% -ға, 22,872 млн, ешкі - 0,9% -ға, 2,915 млн, үй құсы - 4,2% -ға, 48,723 млн басқа, шошқа - 2,4%, 992,6 мың басқа дейін өскен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу