Елдегі автокөлік саны 6 миллионға жақындады

382

2026 жылғы 1 маусыдағы жағдай бойынша елде 5 млн 995 мың көлік құралы есепте тұр.  

Елдегі автокөлік саны 6 миллионға жақындады Фото: krasnodar-1.n1.ru

Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 6 миллионға жақындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның ішінде 129 мың жеңіл автомобиль, 8,7 мың жүк көлігі, 1,3 мың автобус және 1,6 мың мотоцикл бар.

"2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 млн 995 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2%-ы жеңіл автомобильдер", – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Көліктердің 80%-ы бензинмен жүреді. Дизель отынын пайдаланатын көліктердің үлесі – 7,6%, аралас отындағы көліктер – 6,5%, ал газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4% болды.

"Электр қуатымен жүретін 32 479 көлік құралы тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,5%-ын құрайды", – делінген ресми ақпаратта.

Электромобильдер ең көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 17 506 электр көлігі есепке алынған. Одан кейін Астана қаласы (3 235), Алматы облысы (2 857) және Шымкент қаласы (1 042) орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу