Елдегі балалар үйі балаларды қолдау орталықтарына айналмақ

737

Қазақстандағы балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тілшілердің сауалына берген жауабында айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

 Елдегі балалар үйі балаларды қолдау орталықтарына айналмақ Фото: google

Министр елдегі балалар үйлерін біржола алып тастау туралы ұсынысты дұрыс емес деп санайтынын жасырмады.

"Балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналады. Аталмыш заң жобасы қабылданып, өз нәтижесін беруі тиіс. Сол себепті де балалар үйін бірден алып тастауды орынсыз деп білемін. Жоба енгізіліп, бұл мәселені сарапшылар зерттеуі керек", - деп атап өтті ол ведомствоның алқа отырысынан кейін.

Ведомство басшысының айтуынша, республикада жетім балалар үшін кәсіби қабылдаушы отбасылар институты енгізілмек.

"Заң жобасы әзірленді. Жақын арада оны Парламентке ұсынуға дайынбыз. Ол қазан айына дейін қабылданады деп жоспарланып отыр. Негізгі айырмашылығы – кәсіби қабылдаушы отбасылар. Олар патронат отбасылардан  балаларды тәуліктің кез келген бөлігінде қабылдай алатынымен ерекшеленеді. Бұрын бала ұйымдарға түсіп, содан кейін отбасыларға бөлінген болатын. Енді заң қабылданғаннан кейін бала отбасында бола алады", - деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу