Елдегі банктердің кредиттік қоржыны бір айда 154 млрд теңгеге азайған

874

Кредит беруші банктердің үздік ондығына кіретін 3 банк ғана оң нәтиже көрсеткен.

Елдегі банктердің кредиттік қоржыны бір айда 154 млрд теңгеге азайған

Қазақстандық банктер жылды кредит қоржынын қысқартудан бастады. Қаңтар оқиғасы кезінде екінші деңгейлі банктердің жиынтық қарызының көлемі 0,8% немесе 154,5 млрд теңгеге, 20,05 трлн теңгеге дейін азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

22 банктің ішінде тек 8 банк плюсте, ал үздік ондықта 3 банк қана бар.

Елдегі ең ірі банктердің арасында бір айда ең жақсы нәтижені Отбасы банк көрсетті (қаңтарда плюс 5,5%, 2,2 трлн теңгеге дейін). Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін қаржы институтына қаңтар оқиғасы қарыз көлемін 114,9 млрд теңгеге ұлғайтуға кедергі болмаған.

Сондай-ақ Отбасы банк жылдық өсім бойынша да үздік үштікке енген, 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда плюс 56,4%. Бұл ел экономикасындағы дағдарысқа қарамастан банктің несие өніміне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. 

Биыл қаңтарда үздік ондыққа кіретін банктердің арасында Отбасы банктен басқа, ресейлік Сбербанк (бір айда 3,9% немесе 103,3 млрд теңге, 2,7 трлн теңгеге дейін) және Еуразиялық банк (бір айда 0,7% немесе 5,1 млрд теңгеге, 725,9 млрд теңгеге дейін) жоғары нәтиже көрсетті.

Жылдық динамикада да екі банк оң нәтиже көрсеткен (Сбербанк – 54,4%, Еуразиялық банк – 21,5%).

Жиынтық банктік қоржыны бір жылда, яғни 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 28,4%-ға немесе 4,4 трлн теңгеге өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу