Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов блогерлер осы уақытқа дейін қанша салық төлегенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Редакция тілшісі вице-министрден "Блогерлер осы уақытқа дейін қанша салық төледі? Қосымша табысын декларациялады ма? Қанша адамға хат жібердіңіздер?" деп сұрады.
"Бүгінгі таңға дейін 860 блогерге 1600-ге жуық хабарлама жібердік. Кейбір жағдайда бір адамға екі немесе үш хабарлама жіберілген кездер болды. Себебі әр түрлі кезең болғандықтан, бірнеше хабарлама жіберілуі мүмкін. Бюджетке төленген сома көлемі жарты миллиард теңгеден асады", – деді Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу