Елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі анықталды

949

Сарапшылардың мәліметінше, 2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7% өсіп, 28 300 теңгеге жеткен.

Елдегі  ең төменгі күнкөріс деңгейі анықталды

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 500 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.

Сарапшылардың мәліметінше, 2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7% өсіп, 28 300 теңгеге жеткен. Олардың 15 600 теңге - азық-түлік тауарларына жұмсалса, 12 700 теңге азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет түрлеріне жұмсалған.

"Былтыр мамыр айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 500 теңге болды. Айта кететін жайт, биыл азық-түлік пен қызмет түрлері 5,3% қымбаттады", - дейді мамандар.

"Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 500 теңге, Нұр-Сұлтан мен Алматыда - 33 100 теңге және 31 300 теңге болса, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында 28 300 теңге және 28 800 теңге мөлшерінде тіркелді. Ал Павлодарда 25 100 теңге, Батыс Қазақстан облысында ең төмен күнкөріс деңгейі 25 600 теңге болса, Ақтөбе облысында 25 800 теңге", - дейді Finprom.kz сарапшылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу