Елдегі кітапханалардың 40%-ға жуығы интернетке қосылмаған – Мәулен Әшімбаев

151

Кітапханалар жастардың дамуына үлес қосатын орталықтар ретінде қалыптасуы тиіс.

Елдегі кітапханалардың 40%-ға жуығы интернетке қосылмаған – Мәулен Әшімбаев Фото: parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев республикадағы кітапханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазіргі замандағы үрдістерді байқап отырмыз. Осындай кезде кітапханалар білім орталықтары, жастарын басын қосатын, дұрыс бағытта жүруіне септігін тигізетін орталықтар ретінде қалыптасуы керек екендігі сөзсіз. Облыс орталықтарында жақсы кітапханаларымыз да бар. Жағдайы онша дұрыс емес кітапханалардың бар екені жасырын емес. Мысалы, бүгінгі күні біздің барлық кітапханаларымыздың 38 пайызы, енді 40 пайызы деп айтсақ болатын шығар, интернетке қосылмаған екен. Қазір цифрлық дәуір деп айтамыз. Кітаптардың цифрлық нұсқалары болуы керек деп айтып жатамыз. Депутаттар кітапханалардың интернетке қолжетімділігі болуы керек екенін көтеріп жүр. Осындай кезде кітапханалардың 40%-ында интернетпен жұмыс істеудің мүмкіндігі жоқ", – деді ол Сенаттың жалпы отырысында.

Мәулен Әшімбаев ауылдық жерлердегі кітапханалардың материалдық базасын арттыруға да көңіл бөлу керек деген пікірде.

"Облыс орталықтарында да әртүрлі кітапханалар бар. Кейбіреулерінің жағдайы мәз емес. Сол себепті кітапханалардың қызметтер көрсетіп, қаражат табуы да дұрыс шығар", – деп атап өтті Сенат спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу