Елдегі "отбасылық агрессорлардың" дені жұмыссыз

412

Қазақстанда жәбірленушілердің негізгі бөлігі – әйелдер.    

Елдегі "отбасылық агрессорлардың" дені жұмыссыз Фото: Time.kz

"Отбасылық агрессорлардың" басым бөлігінің тұрақты жұмыс жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Құқық бұзушының портретіне келер болсақ, көп жағдайда бұл ер адам (80%). Жас ерекшелігі – 30 жастан 50 жасқа дейін (52%). Олардың тұрақты жұмысы (74%), кәсіби немесе жоғары білімі (90%) жоқ. Сәйкесінше жәбірленушілердің негізгі бөлігі (78%) – әйелдер. Көп жағдайда олар "агрессорға" материалдық немесе психологиялық тұрғыдан тәуелді болып келеді"", - деді Игорь Лепеха Мәжілістің комитет отырысында.

Оның айтуынша, биылғы 8 айда жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 61 475 қорғау нұсқамасы шығарылды. 

"Қорғау нұсқамасын бұзудың 3316 дерегі анықталды. Дебоширлерге қатысты 24 535 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша 5 600 адам қамауға алынды, оның 2400-і шілде және тамыз айларында екенін айта кеткен жөн. 5 мыңға жуық адамға ескерту беріліп, 155-іне айыппұл салынды", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу