Бұдан былай шетелдік жоғарғы оқу орындары "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілі" пәндерін оқытуға міндетті болады. Депутат Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен аса маңызды норма қабылданғанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында "Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары “Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді” деген норма бекітілді, – деп жазды депутат әлеуметтік парақшасында.
Мәжілісменнің айтуынша, ел аумағында ашылған шетелдік ЖОО-ның филиалдары мен шетелдік ЖОО-ға осы маңызды міндетті енгізген заң жобасы жуырда екінші оқылымға шығады.