Елдегі шетелдік жұмысшылардың төрттен бірі – қытайлық.

1100

14 мың шетелдікті жұмыспен қамтып отырмыз. 

Елдегі шетелдік жұмысшылардың төрттен бірі – қытайлық.

2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 14 136 шетелдік азамат жұмыс істеп жүр, - деп хабарлайды  inbusiness.kz . Мәлімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алынғанын айта кету керек.  

Министрлік осы 14 мың шетелдікті біліктлігі бойынша бірнеше санатқа бөлген. Яғни, қазақстандықтар иегрмеген кәсіп иелері дегенді меңзесе керек. Бірінші санаттағы 631 басшылар мен олардың орынбасарлары көрінеді. Екінші санаттағы 3 262 шетелдік құрылымдық бөлімшелерді басқарады. Үшінші санаттағы мамандар – 7 172 адам болса, төртінші санаттағы "білікті жұмысшылар" – 749 адам. 

"Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 658 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 664 адам тартылды", – деп жазады министрліктің ресми сайты.
Шетелдіктерге жұмыс ұсынып отырған 1 657 жұмыс беруші ұйымда 402 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейтін көрінеді.

Қазақстан аумағында нәпақа тауып жүрген шетелдіктерді келген еліне қарай жіктесек, Қытайдан 3 530 адам, Түркиядан 1 492 адам, Үндістаннан 1 119 адам,  Ұлыбританиядан 882 адам, Өзбекстаннан 593 адам кірген.

Жалпы биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік мамандарды тартуға 29,3 мың квота берген болатын. Алғашқы бір айдың өзінде сол квоталардың тең жартысы игерілген. 

Ресми статистика бойынша, министрлік бекіткен квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31% болады.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу