Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысы Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Станислав Щербаковтың сауалына жауап берді.
"Бүгінгі таңда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Біз республика бойынша бірнеше алаңды қарастырудамыз. Олардың қатарында Ұлытау, Атырау және Маңғыстау облыстары бар. Қазір консультанттар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жыл аяғына дейін техникалық-экономикалық негіздеме бойынша техникалық, экономикалық, сондай-ақ инфрақұрылымдық мәселелер толық шешіледі деп күтілуде. 2030 жылы Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетке ие болады әрі Орталық Азия елдеріне дайын мұнай өнімдерін экспорттай бастайды деп күтілуде", – деді Энергетика министрі.
Айта кету керек, бұған дейін министр Ресейден мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу режимін сақтаудың маңызын айтқанын жазғанбыз. Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізуде Ресейден басқа балама бағыттар туралы жазғанбыз.