Бюджеттің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі

813

Ұлттық экономика министрі мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде қаржыландыратынын айтты.  

Бюджеттің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі

Әлем экономикасындағы түрлі ауытқулар мен тұрақсыздық еліміздің экономикалық-әлеуметтік ұстанымын өзгертпейді. Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шараларды  жалғастыра береді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың  қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуына арналған жиында мәлімдеді. 

"Сыртқы конъюнктураны және сыртқы жағдайларды назарға ала отырып, дамудың сценарийлік болжамдары мен тиісті шаралар топтамасы әзірленді. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету бойынша тәсілдер қалыптастырылды. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді  қаржыландыруы толық көлемде орындалады", – деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу