Елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%

2075

Қазір екі қолға бір күрек таппай жүрген 450 мыңға жуық адам бар.

Елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 6,1%-ға жетуі мүмкін. Еңбек министрлігі осындай болжам жасап отыр. Қазір екі қолға бір күрек таппай жүрген 450 мыңға жуық адам бар. Оның басым бөлігі Елорда тұрғындары. Бас шаһарда табысынан қағылғандар саны 50 мыңнан асады. Алматы облысында да қол қусырып бос отырғандар жетерлік. Мұнда жұмыссыз ретінде 48 мың адам тіркелген. Ал солтүстік өңірде олардың саны 41 мыңға жеткен. Аталған мәселені шешу үшін министрлік бірқатар жобаларды іскеасырмақ. Мәселен, биыл қабылданған 11 мемлекеттік бағдарлама дәл осы жұмыссыздықты жоюға бағытталған. Жоспар бойынша 1,2 млн азамат қызметке тұруға тиіс. Оның тең жартысы "Еңбек" бағдарламасы арқылы тартылады. Бұл бастама мемлекет есебінен субсидияланады, сол үшін де бюджеттен 54 млрд теңге бөлініп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу