Елді мекендерді газдандырудың ұлттық стандарты өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Газдандандыру жұмыстарын заманауи технологияларды қолдану арқылы да жеделдетіп жүргізуге болады. Мысалы, шетелде құбырларды механикалық тәсілмен қосу технологиясы қолданылады. Бұл құбыр төсеу жұмыстарын барынша жеделдетуге мүмкіндік береді. Алайда, аталған технологияны дамыту үшін ұлттық стандарттарды қайта қарау керек болады. Өйткені қазіргі таңда құбырларды қосу дәнекерлеу арқылы ғана жүреді. Осыған байланысты Өнеркәсіп, Энергетика және Сауда министрліктеріне тиісті рәсімдерді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, Олжас Бектенов "QazaqGaz" компаниясына 2026 жылдың 1 тамызына дейін тауарлық газды өндіру мен тұтыну тізбегін цифрлық есепке алуды тапсырды.