Елдімекендерде 15 млн түп ағаш егіледі

740

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев: "Орман – қазақстандықтардың байлығы", – деді.

Елдімекендерде 15 млн түп ағаш егіледі

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан орман алқабы аз мемлекет. Орман қорына жататын жердің жалпы көлемі 30 млн гектарды құрайды. Еліміздің 11%-ын ғана орман алып жатыр.

"2030 жылға қарай елдегі орман алқабы көлемін 5%-ға дейін ұлғайту жоспарланды. Қазір ол 4,8%-ды құрап отыр. 5 жыл ішінде орман алқаптарында 2 млрд және елдімекендерде 15 млн түп ағаш егіледі. Бұл бағытта министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемін анықтады. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта орман алқаптарын көбейту мен орман өсірудің кешенді жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жүріп жатыр", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу