Елдің 18 өңірінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетігіне ауыстыру аяқталды

516

Тағы екі өңірдегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесіне ауыстыру қалды. 

Елдің 18 өңірінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетігіне ауыстыру аяқталды Фото: google

Қазақстанда 46714 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа түрлеріне ауыстырылуы тиіс, деп жазады inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде оның 97,1%-ы (45345) басқарудың жаңа түріне көшіп үлгерген.

"Алматы, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы мен Шымкент қаласында басқарудың жаңа тетігіне ауысу бойынша жұмыс толығымен аяқталды. Жоспар орындалу үшін Астана және Алматыдағы 1 369 көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне ауыстыруды қамтамасыз ету қажет. Осы тұста жуырда Алматы облысындағы көппәтерлі тұрғын үйдің барлығы кондоминиумның нысаны ретінде жоғарыда аталған басқарудың түріне толықтай көшірілгенін айта кеткен орынды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу