Елдің банк секторында жеткілікті капитал қоры бар – Ranking.kz

575

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында жеткілікті капитал қоры бар. 

Елдің банк секторында жеткілікті капитал қоры бар – Ranking.kz Фото: ranking.kz

Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) – 18,54%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) – 21,70% құрады, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Ірі екінші банктерді қарастыратын болсақ, олардың бәрі (пруденциалдық нормативтердің шарттарын орындамаған Bereke Bank-тен басқа) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің жоғары көрсеткіштерін көрсетіп отыр.

Ресурстың жазуынша, Jusan Bank ең жоғары көрсеткіштерге ие. Қаржы институтының негізгі капиталының жеткіліктілік коэффициенті (k1) – 29,9%. Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1-2) 29,9%-ды құрады, ал меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) – 47,4%.

Меншікті капиталдың жеткіліктілік деңгейі бойынша екінші орынға Отбасы банк орналасты. Мұнда меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттері k1, k1-2 және k2 28,7%-ды құраған.

Үздік бестікке ForteBank, Halyk Bank, Home Credit Bank енді.

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің реттеуші меншікті капиталы 6 трлн теңгеге жуықтады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға артық.

Реттеушілік меншік капиталының ең үлкен көлемі Halyk Bank (1,9 трлн тг), Jusan Bank (751,5 млрд тг) және Kaspi Bank-те (571,4 млрд тг) байқалады.

Ranking.kz жазуынша, меншікті капиталдың жеткіліктілігі көрсеткіштері банктердің қаржылық тұрақтылығы көрсетеді. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, банк соғұрлым тұрақты. Бұл мәндер ЕДБ өз міндеттемелері бойынша толық жауап бере алатынын, салымшылар үшін ешқандай қауіп жоқ екенін байқатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу