Елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы: 8 қаңтарға арналған болжам

343

Тұман мен көктайғақ жолдардағы қозғалысты қиындатуы мүмкін.   

Елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы: 8 қаңтарға арналған болжам Фото: liter.kz

"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің үш ірі мегаполисі мен 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада түнде және таңертең қалың тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең мезгіл-мезгіл тұман күтіледі.

Шымкентте тұман басып, көріну қашықтығы қысқарады.

Солтүстік пен шығыста қар мен боран болады

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында нағыз қысқы ауа райы орнамақ.

СҚО мен Петропавлда күндіз қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өскемен және Абай облысында қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Павлодар мен Қостанай облыстарында қар аралас боран соғып, жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қалың тұман басады.

Батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады деген болжам бар.

Батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасының құбылуына байланысты жолдарда қауіпті жағдай қалыптасады.

БҚО (Орал) және Атырауда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Жолдарда көктайғақ орнап, боран соғады.

Ақтөбе облысында түнде облыстың солтүстігі мен батысында жолдар мұзбен қапталады.

Жамбыл облысында (Тараз) жағдай күрделі – тұман мен көктайғақтан бөлек, желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түркістан және Алматы облыстарында (Қонаев) таулы аймақтар мен оңтүстік аудандарда тұман түсіп, жел күшейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу