Елдің бірқатар өңірінде үсік жүреді

288

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыстан келген антициклон айқындайды. 

Елдің бірқатар өңірінде үсік жүреді Фото: pixabay

Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүкіл кезеңде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, 27–28 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Республика облыстарының басым бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Бүкіл кезеңде солтүстікте, шығыста, 27-28 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында және орталығында түнгі уақытта 1-3°С үсік күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу