Елдің туристік аймақтары Илон Макстың интернетіне қосылуы мүмкін

118

Үкімет осы мүмкіндікті пысықтап жатыр.

Елдің туристік аймақтары Илон Макстың интернетіне қосылуы мүмкін Фото: Azattyq Ruhy

Туристік аймақтарда тиісті цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Үкімет басшысы 2025 жылдың 13 тамызынан бастап Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ресми түрде спутниктік Интернет қызметтерін ұсынуды бастағанын еске салды.

"20 тамызда облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен республиканың туристік аймақтарын Интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты кеңес өткізілді. Кеңес барысында аймақтарға спутниктік технологиялар арқылы осы локацияларға байланыс қызметтерін көрсету мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Кеңес нәтижесінде "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ туристік аймақтарды Интернет желісіне қосу мүмкіндігін растады. Бұл үшін Starlink спутниктік терминалдары арқылы кең жолақты байланыс қызметтерін көрсету жоспарланып отыр", – делінген жауапта.

Олжас Бектенов спутниктік технологияларды пайдалана отырып, туристік орындарды байланыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін қосу бойынша жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді. 

"2027 жылдың соңына дейін нарыққа Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology Co., Ltd. операторлары шығады деп жоспарланып отыр", – деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу