Олимпиада ойындарында дзюдодан ел қоржынына тұңғыш рет алтын салған даңқты спортшы қалыпына келуге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Біз оқу-жаттығу жиынына тыңғылықты түрде кірістік, – деп жазды Елдос Сметов.
Танымал спортшы 2024 жылы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен соң татамиге шықпады, халықаралық жарыстарғада қатыспады. Өйткені, ол маусым айында ғана Италияда иығына ота жасатқан еді.
Еске салайық, Елдос Сметов – елдегі 3 мәрте Олимпиада жүлдесін иеленген санаулы спортшының бірі. Ол Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс жүлдемен күптелсе, Токиода қоланы қанағат тұтты. Ал Парижде алтын жүлде иегері атанды.
5 ай бұрын Елдос Сметовтың келесі Олимпиадаға да қатысуы мүмкін екенін жазған едік.