Электр энергиясы қымбаттап жатыр

1565

Тарифтер Алматы және Шымкент қалаларында 5%-ға артқан. 

Электр энергиясы қымбаттап жатыр

Тарифтер Алматы және Шымкент қалаларында 5%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады.

Қазақстанда электр энергиясының өндірісі 2019 жылдың қаңтар және желтоқсан айлары аралығында 107,5 млрд кВт/сағ болды. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 0,2%-ға артық. 

Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің дерегіне сүйенсек, жаңа жылдан бастап елімізде электр қуатының бағасы 4,95%-ға өскен. Бұған Энергетика министрлігінің шектік тарифті көтеруі түрткі болып отыр.

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметі бойынша, тарифтер қаңтарда 2019 жылдың желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда орташа есеппен 1%-ға көтерілген: Алматыда  4,6%-ға, Шымкентте 5,3%-ға қымбаттады. 

Электр энергиясының төлемі бір ай ішінде тұтыну көлеміне және халықтың электрлі плитаны пайдалану немесе пайдаланбауына байланысты 0,5–0,6%-ға өсті.

Электрлік плитаны пайдаланбайтындар үшін 1 деңгейлік тарифтер 0,5%-ға қымбаттаса (100 кВт/сағ 1146 теңге), ал пайдаланатындар үшін 100 кВт/сағ 1129 теңгеге жетті. 2 және 3 деңгейлік тарифтер бір айда 0,6%-ға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу