Электр энергиясы тарифтерін белгілеу кезінде әр өңірдің жай-күйі талданады

543

Электр энергиясы тарифтері көтеріледі.

Электр энергиясы тарифтерін белгілеу кезінде әр өңірдің жай-күйі талданады

Электр энергиясы тарифтерін белгілеу кезінде әр өңірдің жай-күйі талданады.

Бұл туралы ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚР Энергетика министрлігі биыл 1 шілдеден бастап 26 энергия өндіруші ұйым үшін шекті бағаларды орта есеппен 10-12%-ға арттыру туралы бұйрықты бекітті. Халық үшін электр энергиясы бағасының өзгеруі субъектілерден өтінімдердің түсуіне қарай қалыптастырылатын болады. Әрбір өңір бойынша әлеуметтік-экономикалық жай-күйге мұқият талдау және халық үшін тарифтерді өзгеруінің әрбір жағдайы бойынша жеке тәсіл жүргізіледі. Бұл ретте уәкілетті орган қандай да бір елеулі арттыруға жол бермейді", – деді Тимур Қосымбаев. 

Коммуналдық қызметтерге мораторий қолданылған кезеңде электрмен жабдықтау қызметтеріне үнемдеу халық үшін 840 млн теңгені құраған.

Айта кету керек, спикер электр энергиясы тарифінің бағасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетінін атап өтті.

Балжан Смайылова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу