Электр энергиясы жүйесін реттегені үшін Ресейге жыл сайын 12 млрд теңге төлейміз

702

Қазақстанның электр энергиясы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін  төмендету қажет.  

Электр энергиясы жүйесін реттегені үшін Ресейге жыл сайын 12 млрд теңге төлейміз

 Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелеріне қатысты заң жобасын таныстырды.

"Заң жобасы маневрлік қуат салуды ынталандырады. Бүгінгі күні елімізде электр қуатының профициті бар. Ол шамамен 3000 МВт құрайды. Әйтсе де қазіргі уақытта маневрлік қуат тапшылығы байқалады. Тәуліктің кешкі уақытында жоғарылауына және түнгі уақыттарда төмендеуіне байланысты электр энергиясын біркелкі тұтынбау электр станцияларының жедел ауыспалы жұмысы тәртібін талап етеді. Осыған байланысты заң жобасында генерацияның маневрлік режимі бар қуат салу үшін тартымды жағдай жасау ұсынылады", – деді депутат. 

Шавхат Өтемісовтің сөзінше, осы арқылы өндірістегі энергия тұтыну теңгерімсіздігі реттеледі.

"Жобаларды іріктеудің аукциондық тетігі қолданылады. Осылайша Қазақстанның электр энергиясы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігі төмендейді. Сонымен қатар реттеу бойынша көрсетілетін қызмет үшін бүгінгі таңда Ресейге кетіп жатқан қаражаты елімізде қалады. Ал бұл – жыл сайын шамамен 10-12 млрд теңге", деді ол.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу