Мемлекетаралық электр энергиясын берудің хаттамасы ратификацияланды

509

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекетаралық электр энергиясын берудің хаттамасы ратификацияланды

Аталмыш заңға осыдан 2 жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.
Хаттама Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасына Қырғызстанның электр энергетикалық жүйесі бойынша мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемін айқындау, сондай-ақ алдағы күнтізбелік жылға арналған мемлекетаралық берудің болжамды көлемі бойынша өтінім қалыптастыру және беру бөлігіне өзгеріс енгізу құқығын береді. Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қайта берудің жоспарланған көлемдерінің іске асырылуын есептеу, жоғары вольтты электр желілері бойынша электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы мемлекетаралық беру жөніндегі көрсетілетін қызметке тариф есептеу, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес беруді шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар бөлігіне өзгеріс енгізуді де реттейді. 

Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хаттаманы ратификациялау Қырғызстанның қосылуын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететінін айтқан болатын.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу