Электр энергиясының тапшылығы 63-64 млрд КВт/сағ болуы мүмкін

817

Энергетикалық теңгерімге сәйкес, 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт/сағат болады. 

Электр энергиясының тапшылығы 63-64 млрд КВт/сағ болуы мүмкін

Бүгінде бірқатар объективті себептер (қолданыстан шығу, тозу, экологиялық санкциялардың күшеюі) бойынша қолданыстағы энергия көздерін өндіру төмендейді және 89 млрд кВт/сағаттан кем болады.

Бұны бүгін ОртКом қызметінде өткен брифингте Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры А.Н. Дәрібаев айтты.

Осылайша, электр энергиясын тұтыну мен өндіру арасындағы теңгерімсіздік 63-64 млрд кВт/сағ болуы мүмкін.

Департамен директорының айтуынша, 2035 жылға қарай максималды электр жүктемесі 22,7 ГВт деңгейіне жетеді.

"Қажетті қуат резервін қамтамасыз етуді ескере отырып, 2035 жылға қарай қажеттілік шамамен 24 ГВт болады", – деп толықтырды департамент басшысы.

"Егер біз энергия балансына сәйкес жұмыс істей бастамасақ және энергетикалық қуаттарды енгізуді бастамасақ, қолданыстағы энергия көздері халық пен экономиканың электр энергиясына қажеттілігін жаба алмайды", – деп қорытындылады Дәрібаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу