Электр қуатымен жүретін Cybertruck пикабына 146 мың тапсырыс түскен

1172

Көпшілік екі және үш қозғалтқышты көліктерді таңдаған. 

Электр қуатымен жүретін Cybertruck пикабына 146 мың тапсырыс түскен

Tesla компаниясына оқ өтпейтін Cybertruck электр пикабына 146 мың тапсырыс түскен. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск хабарлаған. Көпшілік екі және үш қозғалтқышты көліктерді таңдаған. Бұл ретті концерн басшысы көліктерді танымел етіп, сатуға мүлде қаржы жұмсалмағанын айтты.  

"Қазір 146 мың тапсырыс түсі. Оның 42%-ы екі моторлы, 41%-ы үш моторлы, 17%-ы бір моторлысын таңдады. Мұның барлығына жарнамасыз, қаржы салусыз қол жеткіздік",-деп жазды Илон Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында. 
Cybertruck электр пикап көлігі көпшілік назарына жұма күні ұсынылған. Оның ең арзаны 50 мың доллар тұрады. Ал ең қымбаты 70 мың долларға бағаланды. Аталған көліктің есіктерін жасауға SpaceX ғарыш кемесін жасауға қолданылған металл балқымасы пайдаланылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу