Электр қуатының сараланған тарифтерінен бас тарту ұсынылды

826

Бәсекелестікті қорғау агенттігі өткен жылы бюджет 20 млрд теңге артық төленгенін хабарлады. 

Электр қуатының сараланған тарифтерінен бас тарту ұсынылды

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бүгінде электр энергиясы нарығында энергиямен жабдықтаушы компаниялардың көп екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы. "Астанаэнергосбыт" ЖШС орташа тариф бойынша 19,84 теңге/кВтсағ енгізеді, содан кейін ол тұтынушылардың 3 тобы бойынша сараланады. Тұрмыстық тұтынушылар кВт/сағатына – 13,59 теңге төлейді, заңды тұлғалар кВт/сағатына 22,43 теңге, бюджеттік ұйымдар – 50 теңге төлейді.Тек Астанада ғана 22 компания заңды тұтынушы үшін бәсекеге түседі. Соның салдарынан не болады? Соңғы сатыдағы жеткізуші өз шығынын орташа тарифті көтеру арқылы өтеуге мәжбүр", – деді Жұманғарин.

Бұл ретте ол жақында мемлекет басшысымен кездесу болғанын және онда сараланған тарифтен бас тарту бойынша пилоттық жобаны қолдағанын айтты. 

Ол сондай-ақ 2021 жылы осындай тарифтер есебінен бюджет 20 млрд теңге, шағын және орта бизнес 31 млрд теңге артық төлегенін атап өтті. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық қызметтерді қамтитын тұрғын үй көмегін төлеу бар болғаны 750 млн теңгені құрады.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, 51 млрд теңге қор бар. Халықтың осал топтарына тұрғын үй көмегі көрсетіледі. 2025 жылға қарай сараланған тарифті жоюға тырысамыз", – деп түйіндеді агенттік төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу