Электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен кешігіп жатыр

520

Электр станцияларындағы 4 энергоблок, 1 қазандық, 19 турбина жөнделді. 2 энергоблок, 25 қазандық және 16 турбина жөнделіп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен кешігіп жатыр

"20 464 шақырым электр беру желілерінің 13 773 шақырымы жөнделді. 462 қосалқы станцияның 316-сы қалпына келтірілді", – деді министр. 

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімін сақтамаған.

"Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті облыс әкімдіктерімен бірлесіп, энергетикалық кәсіпорындардың алдағы жылыту маусымына дайындығына тұрақты бақылау жүргізіп, электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарын дер кезінде аяқтау бойынша іс-шаралар қабылдап жатыр", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу