Электр тарифі қымбаттауы мүмкін

1102

Бұған 1 қаңтардан бастап көтерілген көмір бағасы әсер етіп отыр.

Электр тарифі қымбаттауы мүмкін

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанда көмір қымбаттады. Осыған байланысты жылдың ІІ-тоқсанында электр энергиясының бағасы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

1 қаңтардан бастап көмір бағасы көтерілді. "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры Игорь Татаровтың айтуынша, қазір компания бір тонна көмірді 2389 теңгеден алып жатқанын, ал өткен жылы оны 2174 теңгеден алғандарын айтты. Олар "Богатырь Көмір" ЖШС-дан көмір алады екен.

"Енді біз – Қазақстандағы энергетия өндірушілер сол шот-фактураны алып, жылу энергиясының қымбаттағанын айтып, Энергетика министрлігіне және Табиғи монополияларды реттеу департаментіне баруымызға тура келеді. Тұтынушы үшін жылу бағасы шамамен 2 пайызға қымбаттайды, ал электр энергиясы көмірдің өзіндік құнына байланысты 2 пайызға қымбаттайды", – деді ол.

Ол көмір жеткізуші компания бағаны көтеріп отырғандықтан басқа ештеңе істей алмайтындарын жеткізді.

"Біз дауласа алмаймыз, өйткені балама отын жоқ. Егер электр энергиясын, жылуды сату қызметтерін мемлекет реттесе, онда мемлекет көмірдің құнын реттемейді, мұның өзі қисынсыз ғой",– дейді Игорь Татаров.

Бас директор атап өткендей, қаңтар-ақпан айында олардың компаниясы шығынға ұшырауы мүмкін. Содан кейін ұйым Энергетика министрлігіне шығып, өзіндік құн бойынша тарифті көтеруді сұрайды. Сол кезде Қазақстан электр қуатының тарифі өсуі мүмкін.

"Бұл наурыз айында болатын шығар. Жылына бір рет министрлік алдында біз бағаның өзіндік құнын қорғап отырамыз. Бұл әдетте бірінші тоқсанда болады, мүмкін наурыз айында болады. Барлық ұйымдар келіп, өзіндік құнын дәлелдейді",– деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу