Атап айтқанда, оларды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 6 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 23,6 млн теңге) айыппұл салу туралы заң нормаларын енгізу қажет деп санайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл ұсыныс әкімдіктің депутаттық сауалға берген ресми жауабында айтылған.
– Қазіргі таңда кейбір азаматтар электр тогымен балық аулап, су экожүйесіне айтарлықтай зиян келтіруде. Мұндай әдіс балықтар мен өзге де су жануарларын жаппай қырып-жоюға әкеледі. Осыған байланысты Қылмыстық кодекске тиісті өзгерістер енгізіп, мұндай әрекет жасағандарға мүлкін тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру, сондай-ақ 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыруды ұсынамыз, – делінген құжатта.
Еске салайық, бұған дейін Өскемен қаласындағы Согра ықшам ауданындағы су қоймасында балықтың жаппай қырылуына байланысты тексеру басталғаны хабарланған болатын.
Сонымен қатар, Ертіс-Баян өңірінде балық аулауға 30 мамырға дейін тыйым салынды.