Электромобиль сатып алған азаматтар көлік салығынан босатылады

4928

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев экологиялық таза көлік өндірісін дамыту үшін Саран және Алматы қалаларында YUTONG, Golden Dragon электроавтобустары, Қостанай қаласында JAC iEV7s электромобилі құрастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Электромобиль сатып алған азаматтар көлік салығынан босатылады

"2022 жылдан бастап Hyundai Ioniq электромобильдері, 2023 жылдан бастап KIA EV6 автокөлігінің өндірісі басталады. Электромобильдер мен электр автобустары инфрақұрылымын құру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында 110 электр зарядтау станциясы орнатылды. Электромобиль сатып алуды ынталандыру үшін Қазақстанда электромобильдердің иелері көлік салығын төлеуден босатылды", – деді министрдің бірінші орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу