Электромобиль саудасы әлем бойынша қысқарды

784

Шілде айында 128 мың  экологиялық көлік сатылды.

Электромобиль саудасы әлем бойынша қысқарды

Бұл нарықтағы сатылымның 14%-ға азайғанын білдіреді. Сұраныстың қысқаруына әлемдегі ең ірі автонарық саналатын Қытай Халық Республикасының электромобиль сатып алуға арналған субсидияны азайтуы негізгі себеп болды.

Қытай мен Солтүстік Америкадағы сатылым төмендегенмен, Еуропада электромобиль саудасы өсті. Шілде айында ең көп сатылған электр көліктерінің үлесі америкалық Tesla компаниясына тиесілі болды. Алпауыт өндіруші шамамен 20 мың, ал қытайлық BYD компаниясы 16 мың көлік сатты. Электр қуатымен жүретін көліктерді сатуда үшінші орында BMW компаниясы (шамамен 9 мың), төртінші орында – Қытайдың BAIC компаниясы (шамамен 8 мың) тұр.

Жалпы қаңтар-шілде айлары аралығында электромобиль нарығы 35%-ға өскен.

"Осы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 48%-ға көтеріліп, 2019 жылы 2,4-2,9 млн көлік сатылуы мүмкін", – дейді Sanford C. Bernstein сарапшылары.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу