Электронды әмияндардағы анонимді ақша аударымына тыйым салынбақ

928

Жыл соңына дейін мемлекет бақылауындағы писхикалық заттардың тізімне 32 аталым қосылады.

Электронды әмияндардағы анонимді ақша аударымына тыйым салынбақ

ІІМ-нің  Есірткіге қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Маткеновтің айтуынша, мемлекет осы арқылы синтетикалық есірткі өндірісін тежеуді жоспарлап отыр. 

"Заңнамалық базаны қайта өңдеп, психотроптық заттарды есепке алу тәртібін жеңілдеттік. Заманауи есірткі қылмысына жауап қата алатындай жаңа қылмыстық құрамдар енгізілді. Бірінші кезекте интернет арқылы есірткіні сатуға, пайдалануға итермелеу қылмыстары туралы айтып отырмыз. Енді мұндай қылмыстар ауыр және аса ауыр санатқа жатады. Жазасы ұзақ мерзімге, тіпті өмір бойына да бас бостандығынан айруды қарастырады. Соның арқасында есірткі жарнамасы бойынша 64 қылмыстың беті ашылды. Оның ішінде 39-ы сатумен аяқталған. Осы оқиғалар бойынша сотқа 41 қылмыстық іс жөнелтілді", – деген министрлік өкілі электронды әмиян арқылы жүретін күдікті аударымдарға да шектеу қойылатынын баяндады.

"Қазір Жоғары сотпен бірге нормативтік қаулылар жобасын әзірлеп жатырмыз. Нәтижесінде жыл соңына дейін Үкіметтің тағы бір қаулысы шығуы керек. Ол бойынша синтетикалық есірткі дайындауға қолданылатын 32 психикалық белсенді зат мемлекеттік бақылау аясына енгізіледі. Электронды әмияндарды есірткі айналымында қолданудың жолын кесу шаралары аяқталуға жақын. Осы айда Ұлттық банкпен бірге әзірлеген заңнамалық нормалар күшіне енеді. Ол бойынша анонимді қолданушыларға ақша аударуға тыйым салынады. Желідегі күдікті ақша аударымдарын тоқтата тұру, оған қатысушыларды анықтау процедуралары дажолға қойылды", - деді Тілеген Маткенов. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу