ЭЦҚ кілттерінің жарамдылық мерзімі 3 жылға ұзартылды

1193

ЭЦҚ кілттерінің мерзімінің аяқталуына 30, 15, 7 күн қалғанда, пайдаланушының электронды поштасына ЭЦҚ кілттерін қайта шығару керектігі туралы хабарландыру келеді.

ЭЦҚ кілттерінің жарамдылық мерзімі 3 жылға ұзартылды

Электронды-цифрлық қолтаңба кілтінің мерзімі 3 жылға ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметтерді алушылар тіркеу куәліктерінің (ЭЦҚ кілттері) жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey сияқты қорғалған тасымалдылаушылардағы негізгі ақпарат 3 жылға дейін сақталады.

Файлдық жүйеге шығарылған ЭЦҚ кілттерінің жарамдылық мерзімі өзгермейді, яғни 1 жыл болып қала береді. Өйткені файлдық жүйе сертификатталғандар санатына жатпайды, әрі жабық кілттерді ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға мүмкіндік бермейді.

Электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің жарамдылығын ұзарту азаматтардың қолайлығы үшін жүзеге асырылған шара. Егер де бұдан бұрынғы уақытта мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар кілттерді "электрондық үкіметтің" порталындағы жеке кабинет арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕ бөлімшелеріне жыл сайын барып мерзімді ұзартып отырған болса, ендігі уақытта ЭЦҚ-ны қайта шығару үшін үш жылда бір рет аталған бөлімшелерге баратын болады.

Естеріңізге салсақ, ЭЦҚ кілттерінің мерзімінің аяқталуына 30, 15, 7 күн қалғанда, пайдаланушының электронды поштасына (егер де ЭЦҚ кілтін алу барысында өтінімде поштасын көрсеткен болса) ЭЦҚ кілттерін қайта шығару керек екендігі туралы хабарландыру келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу