Электронды еңбек биржасында IT оқыту онлайн-режимде жүріп жатыр

1355

Онлайн цифрлық дағдылар бойынша оқыту 10 күнге созылады.

Электронды еңбек биржасында IT оқыту онлайн-режимде жүріп жатыр

Оқыту екі мамандық бойынша жүргізіледі: киберқауіпсіздікке және кешенді интернет жүйесіне кіріспе. Оқу курсы 10 күнге созылады және теория мен практиканы қамтиды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Курстың соңында азаматтар бүкіл курс мазмұнын қамтитын баға алады. Курстың аяқталуы туралы сертификат алу үшін білімнің қорытынды бағасын ойдағыдай аяқтау және курс бойынша сауалнамаға қатысу қажет.

Сондай-ақ ақпан айында жұмыспен қамту орталықтарында екі мамандық бойынша пилоттық режимде: компьютерлік графика және негізгі IT дағдылары бойынша оқыту жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу