Елена Рыбакина: "Аринамен сынға түскен әрқашан да қиын"

390

Бүгін, 7 қазанда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) жүлде қоры сегіз миллион долларды құрайтын WTA 1000 сериялы турнирінің жартылай финалдық кездесуін өткізеді.

Елена Рыбакина: "Аринамен сынға түскен әрқашан да қиын" Фото: ktf.kz

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 - China Open турнирінде әлемдік рейтингінің көшбасшысы, беларусь Арина Соболенкоға қарсы өткен матчқа байланысты пікір білдірді.

"Бүгін мен өте жақсы ойнадым. Көрсеткен нәтижеме өте ризамын. Аринамен сынға түскен әрқашан да  қиын. Маған оған қарсы ойнаған ұнайды", - деді Рыбакинаның WTA баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Елена бүгін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі. Матчтың тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 14:30-да басталады. Елена Рыбакина алдағы матчта айқын фаворит саналғанымен, ол Людмила Самсонованы жеке кездесулерде ешқашан жеңе алмағанын еске сала кеткен жөн. Ресейлік спортшы қазір жеке кездесулер қорытындысы бойынша 3:0 есебімен алда келеді.

Ал, турнир барысында Рыбакина қытайлық Чжэн Цинвэнді 6:1, 6:2, неміс Татьяна Марияны 7:5, 6:0, ресейлік Мирра Андрееваны 2:6, 6:4, 6:1 және беларусь Арина Сабаленканы 7: 5, 6:2 жеңді.

Айта кетейік, Бейжіңдегі турнир аяқтала салысымен, Елена Мексикаға жол тартады. Онда қазақстандық теннисші 29 қазан мен 5 қараша аралығында Канкун қаласында (Мексика) өтетін WTA финалдық турниріне қатысады. Күні кеше WTA барлық қатысушылардың тізімін жариялады. Маркета Вондроушова, Каролина Мухова (екеуі де Чехия) және Онс Джабер (Тунис) финалдық бәсекеге қатысады. Бұған дейін турнирге Арина Соболенка (Беларусь), Ига Швентек (Польша), Кори Гауфф, Джессика Пегула (екеуі де АҚШ) және Елена Рыбакина (Қазақстан) жолдама алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу