Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің ширек финалына шықты

293

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің ширек финалына шықты Фото: championat.com

Әлемдік рейтинг көшбасшыларының бірі екінші айналымда рейтингте 105-орында тұрған өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездесті. Алайда қарсыласы бірінші сетте 0:5 есебімен ұтылып жатып, матчты жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Рыбакина бір эйс жасап, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 128-орында тұрған польшалық Катажина Кавамен кездеседі. Польша өкілі екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы швейцариялық Белинда Бенчичті 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина өткен жылы Нинбода өткен осы турнирдің чемпионы атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу