Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

539

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сайыстардың жаңартылған рейтингін жариялады.  

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды Фото: Vesti.kz

Осылайша, жекелей сында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік классификацияда рекордтық төртінші орынға көтерілді. Рыбакина Римдегі турнирдегі жеңісінің арқасында рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды  inbusiness.kz WTA сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева он позиция төмендеп кетті, ол 61-орында тұр.

Үздік үштікте өзгеріссіз: Ига Свентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула. 

Жұптық сында үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 26-орыннан 24-орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу