Елена Рыбакина ТОП-5 теннисшінің қатарына енді

413

Ол америкалық Кори Гауфты басып озды

Елена Рыбакина ТОП-5 теннисшінің қатарына енді

 

Қазақстанның ракеткасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік 5 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына cілтеме жасап.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде Е.Рыбакина 6-дан 5-інші орынға көтеріледі.

WTA Live рейтингісінде қазақстандық теннисші америкалық Кори Гауфты басып озды. К.Гауфф Рим мастерс турнирінде үшінші айналымнан аса алмаған еді. Сол себепті ол ұпайларын жоғалтып, алтыншы сатыға сырғиды.

Осылайша, бұл Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелмек.

Еске сала кетейік, Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу