Elge Qaitaru қорының мәлімдемесі жасағаны Eurasian Resources Group-тің ашуын тудырды

529

Eurasian Resources Group компаниясының Elge Qaitaru қоры таратқан ақпараттың шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Inbusiness.kz. 

Elge Qaitaru қорының мәлімдемесі жасағаны Eurasian Resources Group-тің ашуын тудырды Фото: Экспресс К

2022 жылы қазанның 27-і күні өткен баспасөз мәслихатында Elge Qaitaru қоры ERG активтеріне қатысты "тым арзанға" немесе "тіптен су тегін" сатып алынды / "олар құнсызданып қалды" және "оларды сатып алу барысында заңнамада көрсетілген процедуралар сақталмады" деп мәлімдеген болатын.

ERG,  Қор таратқан ақпарат шындыққа мүлдем жанаспайды әрі арандату сипатында деп санайды.

"ERG Қазақстанда қызметін бастағалы бері бұрынан бар өндірісті дамыту ("Қазхром" ТҰК" АҚ, "ССКӨБ" АҚ, "Шұбаркөл көмір" АҚ, "ЕЭК" АҚ, "Қазақстан алюминийі" АҚ) мен мүлдем жаңа өндірістерді (мәселен, "Қазақстан электролиз зауыты", "Қазхром ТҰК" АҚ Ақтөбе феррорқорытпа зауытының 4 цехы) жолға қоюға 12,6 млрд доллар көлемінде қаражат құйған. Әрі өндіріс көлемін ұлғайту қамында тұрақты жұмыс істеп келеді. Алдағы 5 жылда компания өндіріске тағы 7 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр", – делінген компания таратқан мәлімдемеде.

Компания аталған Қордың айыптауларына қатысты, Қор өкілдері мәлімдеме жасамас бұрын, компания қызметін зерттеп, тіпті қарапайым фактчекинг жасауды да білмеген деген пікірде.

"Қор мәлімдемелерінде қасақана шындыққа сай келмейтін ақпаратты тарату мен айып тағу сипаты бар, дей Осы себепті, Топ бүгінде аталған Қор басшылығы мен қызметкерлерін заңнамада көрсетілген жауапқа тартудың негіздерін дайындап жатырмыз. Әрі ұйымның жариялы да, жасырын да бенефициарларын құзырлы органдарды жұмылдыра отырып, заңда көрсетілген жауапқа тартуды көздейміз", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу