Елге ресейлік мұғалімдер келмейді – ҚР СІМ

1191

Ел аумағында Ресей салатын мектептерде ресейлік мұғалімдер жұмыс істемейді. Барлық педагог өзіміздікі болады.  

Елге ресейлік мұғалімдер келмейді – ҚР СІМ Фото: gov.kz

Ал, оқушылардың қай тілде білім алатынын Қазақстан өзі шешеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

"Осыған дейін жарияланған жалған ақпаратты Ресей тарапы өз сайттарынан да өшіріп жатыр. Көрші елдің бізге тегін мектеп салып беретіні рас. Бірақ нақты қай өңірде екені белгісіз. Дәл осылай Қазақстан да Түркия мен Әзербайжан елдерінде білім ошақтарының құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл – өзара келісімі бар елдер арасындағы халықаралық тәжірибе", – деді ресми өкіл.

"Екі мемлекеттің басшыларының сапарлары кезінде талай талқыланды. Оның бәрі жазылды. Бірақ "мұғалімдер алып келеді" немесе "басқа педагогтар келеді" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені ол – жалған ақпарат", - деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу