"Елге тосын жаңалық". Дәурен Абаев қалай мәдениет және спорт министрі болғанын айтты

1311

Дәурен Абаев қалай мәдениет және спорт министрі болып тағайындалғанын журналистерге түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Елге тосын жаңалық". Дәурен Абаев қалай мәдениет және спорт министрі болғанын айтты

"Сіздің Мәдениет министрі болып тағайындалуыңыз халыққа, оның ішінде шығармашылық адамдарына тосын жаңалық еді. Тағайындалуыңыздың себебін түсіндіріп бересіз бе?", – деп сұрады Orda.kz тілшісі.

"Шешімді президент қабылдады. Бұл жерде менеджерлік қасиетке мән берген болар деп ойлаймын, өйткені мен ішіндегі бір жеке салаға жақын емеспін, бәріне бірдей қараймын, сондықтан барынша пайда әкелемін", – деді Абаев.

Оның айтуынша, проблема деген барлық салада бар, экс-министр Ақтоты Райымқұлова "үлкен жұмыстар атқарған".

Бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарды, Президент әкімшілігінде басшының орынбасары болып жұмыс істеді. Биыл қаңтар оқиғаларынан кейін үкімет отставкаға кеткенде, ол кенет Мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Райымқұлованың орнына келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу