Еліміз алға қойған мақсаттарға жететініне сенімдімін – Асқар Мамин

1071

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтарға арнаған құттықтауында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осылай жазды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.  

Еліміз алға қойған мақсаттарға жететініне сенімдімін – Асқар Мамин

"Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңды қабылдады.

Еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттікті нығайту және халықаралық беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Қазақстан қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс және пандемиямен күрес кезінде экономикалық тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құрылымдық әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру, еліміздің индустриялық, агроөнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымды міндеттер қойды.

Еліміз алға қойған мақсаттарға жететініне сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, игілік, татулық пен өркендеуді тілеймін!", - делінген Асқар Маминнің құттықтауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу