Еліміз алтын қорын қайта толтыруға кірісті

485

Қазақстан алтын түріндегі активтерін сатуды тоқтатып, құнды металды сатып алып жатыр.  

Еліміз алтын қорын қайта толтыруға кірісті Фото: Ұлттық банкі

Жалпы, алтын құймаларының бағасы соңғы 2 жылда 1,5 есе өсті. Осылайша алтынға инвестиция жасағандар 41% пайда көріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Дүниежүзілік алтын кеңесінің ақпаратынша, жыл басынан бері әлемнің орталық банктері 18 тонна алтын сатып алған. Бағалы металды ең көп сатып алу бойынша Өзбекстан 8 тоннамен көш бастады. Екінші орында – Қытай, олардың еншісінде 5 тонна. Ал, Қазақстан 3-орынға жайғасқан. Ұлттық банк 4 тоннаға жуық алтын алып, резервті ұлғайтты.

Қазіргі кезде Қазақстанның алтын қоры – 288 тонна. Бұл жалпы қордың 55 пайызын құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу