Еліміз арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында жылына 800 мың контейнер тасымалданбақшы

1121

Еліміз арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында жылына 800 мың контейнер тасымалданбақшы

Үстіміздегі жылдың 9 айында Қытай-Еуропа-Қытай бағытында 66 мың контейнер тасымалданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде жүктерді контейнерлендіру және контейнерлік тасымалдауды дамытуға көшу байқалады. Бұл тұрғыда Қазақстан қабылдап отырған шаралар оң динамикаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, ағымдағы жылдың  айында Қытай-Еуропа-Қытай бағытынды 66 мың контейнерлік жүк тасымалданды. Бұл 2015 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп көлем саналады",  – деді Қасымбек.

Осы ретте министр 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті жиырма футтық эквивалентте 800 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарланып отырғандығын баса айтты.

"Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 111 шақырымды құрайтын Алматы-Шу учаскесінің екінші жолының құрылысы жүргізілуде және осы жылдың желтоқсанында 52 шақырымдық екінші жолды қамтитын бірінші өткізу кешенін іске қосу жоспарланған. Сонымен бірге контейнерлік тасымалды дамытуға Құрық елді мекенінде салынып жатқан паром кешені де өз септігін тигізеді. Ол қазірдің өзінде "Боржақты-Ерсай" темір жол желісімен жалғастырылған. Паром кешінінің бірінші кезегі осы жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға беріледі", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу