Еліміз Бірлік мерекесін атап өтуде

483

Бүгін Қазақстан халқы Бірлік күні мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz​

Еліміз Бірлік мерекесін атап өтуде

1995 жылы 18 қазанда Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін, мереке 1996 жылдан бері мемлекеттік деңгейде тойланып келеді.

Мереке 100-ден астам этнос өкілдері тұратын еліміздегі ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтауға бағытталған.

Қазақстан халқының бірлігі күні демалыс күні болып саналады.

Биылғы жылы мереке жексенбіге түсуіне байланысты жексенбілік демалыс дүйсенбі – 2 мамырға ауыстырылды. Осылайша қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Меркеге орай жексенбі күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Қазақстанның басқа да ірі қалаларында мерекелік шаралар жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу